Экологиялық кодекс: Әкімшілік айыппұлдар 10 есе артпақ

24 Желтоқсан 2019, 10:44
3758
Бөлісу:
Экологиялық кодекс: Әкімшілік айыппұлдар 10 есе артпақ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Экологиялық кодекс жобасында Әкімшілік айыппұлдарды 10 есеге ұлғайту арқылы экологиялық құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік күшейту көзделген. 

Ілеспе заң жобасында тұрғындардың өмір жағдайына тікелей әсері бар фактілер бойынша тексеру жүргізу тұрғысынан Кәсіпкерлік кодекске өзгерістер енгізу ұсынылады. Аталған өзгерістер қоршаған ортаға кері әсер фактілеріне жедел ден қоюға бағытталады. Алакөл көліне ағынды сулардың рұқсатсыз төгілуіне – бесінші күні, Жайық өзенінде балықтардың жаппай қырылуына он бірінші күні жауап бере алғанымыз бойынша екі фактіні мысалға келтірер едім. Әкімшілік айыппұлдарды 10 есеге ұлғайту арқылы экологиялық құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік күшейтіледі, - деді ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Үкімет отырысында мәлімдеді.  

Ол Экологиялық кодекс жобасында I санаттағы объектілер үшін шығарындылар мен төгінділердің сапалық және сандық құрамы туралы уақтылы және шынайы ақпарат алу үшін деректерді уәкілетті органға берумен өндірістік экологиялық мониторингті міндетті автоматтандыру қарастырылғанын айтты.

Сонымен қатар, министр елімізде ауаның ластануы жыл сайын 100 мың тоннаға артып келетіні мен полигондарда 120 млн тонна тұрмыстық қалдық жатқанын айтқан еді  Сондай-ақ, Мағзұм Мырзағалиев қоршаған ортаны жақсарту үшін ұлттық деңгейде шаралар қажет екенін де атап өтіп, Қазақстанның жаңа Экологиялық кодексінде бюджетке эмиссия үшін түсетін төлемдерді экологиялық шараларға бағыттау көзделетінін де айтты.

Өзгелердің жаңалығы