Экология министрлігінің қызметкерлері «Қазақстан халқына» бір күндік жалақыларын аударады

Экология министрлігінің қызметкерлері «Қазақстан халқына» бір күндік жалақыларын аударады
819

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Экология министрлігінің қызметкерлері «Қазақстан халқына» қорына бір күндік жалақыларын аударамыз деп шешті. Бұл туралы ведомство өкілі хабарлады. 

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың биылғы жылдың 11 қаңтарында ҚР Парламенті Мәжілісінің отырысында берген тапсырмасын орындау аясында елімізде «Қазақстан халқына» қоры құрылғаны белгілі. ​

Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрлігінің ұжымы бір күндік жалақысын «Қазақстан халқына»  қорына аударамыз деп отыр. Осылайша, жаңа Қазақстанды жасауға өз үлесімізді қосамыз дейді ведомство ұжымы.

Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы