Экология министрі "Семей орманы"резерватына барды

28 Мамыр 2023, 20:01
768
Бөлісу:
Экология министрі "Семей орманы"резерватына барды
Фото: gov.kz

Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова жұмыс сапарымен "Семей орманы" резерватына барды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Естеріңізге сала кетейік, резерват аумағындағы өртті 2023 жылдың 22 мамырында бақылау мұнарасының күзетшісі 15 сағат 13 минутта анықтаған болатын. Алдын ала ақпарат бойынша Ресей Федерациясының іргелес аумағынан өтті.

25 мамыр күні кешкі сағат 6 жарым шамасында өрттің таралуы тоқтатылды. Қазіргі уақытта елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ, өрттің болжамды ауданы шамамен 3500 га құрайды. 
Аумақты әуеден тексеру  кезінде 4-ке жуық өрт ошақтары тіркелді, бұл жеке тұрған ағаш діңдері мен діңгектері.

Қазіргі таңда өртті сөндіру жұмыстары жүргізілуде, оған министрліктен  15 бірлік техника және 38 адам (барлық кезеңде 75 бірлік техника және 252 жеке құрам) жұмылдырылды. 
Министрлік өртті жою үшін барлық қажетті шараларды қабылдауда.

Өзгелердің жаңалығы