Экология министрі Павлодар облысының тұрғындарымен кездесті

2 Желтоқсан 2022, 17:48
925
Бөлісу:
Экология министрі Павлодар облысының тұрғындарымен кездесті

Бүгін Экология министрі Серікқали Брекешев, ірі өнеркәсіптік жылу-энергетика кешенінің, металлургияның және мұнай-химияның кәсіпорындары орналасқан Павлодар облысы жұртшылығы мен қоғамдық ұйымдардың өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ведомствоның баспасөз хабарламасына сәйкес, министр өз баяндамасында аймақтың негізгі экологиялық мәселелерін атап өткен. Дәлірек айтқанда, өнеркәсіптік орындарындағы атмосфералық ауаның ластануы, қалдықтарды басқару жүйесінің жеткіліксіздігі және ескірген кәріздік тазарту жүйесі. Экологиялық мониторинг нәтижелері Павлодарда ауаның ластану деңгейінің жоғары екенін көрсетті.

Сонымен бірге, Серікқали Аманғалиұлы экологиялық жағдайды жақсарту, «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасы және өңірлік жол карталары аясында атқарылып жатқан іс-шаралардан хабардар етті.

Облыста 5 жыл ішінде қоршаған ортаны қорғау шараларына жоспарланған 61 млрд теңге орнына 73 млрд теңге инвестиция салынды.

Экология министрі Павлодар облысының тұрғындарымен кездесті

Мысалы, 2020-2021 жылдары «Қазақстан Алюминийі» АҚ-да екі сүзгі қайта құрылды, бұл шаң шығарындыларын жылына 2,5 мың тоннаға азайтуға мүмкіндік берді.

Павлодарлық ЖЭС-те қалдықтарды шаңды еуропалық стандарттар деңгейіне жеткізе отырып, күл жинайтын барлық қондырғыларды қайта құру жоспарланып отыр. Ақсу ферроқорытпа зауытында ферроқорытпа пештерін газ тазалауда 7 гильза ауыстырылып, нәтижесінде ауаға шығарындылар жылына 300 тоннаға қысқарды.

Одан бөлек, облыстың көптеген ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарында атмосфералық ауаны бақылаудың автоматтандырылған жүйелері енгізіліп жатыр.

Жалпы, облыс кәсіпорындары қол жетімді үздік технологияларды енгізе бастағанын атап өткім келеді. Осылайша, ERG компаниясы сметалық құны 126,4 млрд теңгені құрайтын ең жақсы қолжетімді технологияларға көшумен 2030 жылға дейін кешенді экологиялық рұқсаттарды (КЭК) алды, - деді Серікқали Брекешев жиынға қатысушылар алдында сөйлеген сөзінде.

Сонымен бірге ТНК Қазхромның Ақсу ферроқорытпа зауытында өндірістік қалдықтарды қайта өңдеу ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында 594,6 мың тонна қож құрады.

Экология министрі Павлодар облысының тұрғындарымен кездесті

Павлодарлық мұнай-химиялық зауытында қуаттылығы жылына 26,5 мың тонна мұнай шламын өңдейді, бұл мұнай шламының жылдық көлемінің 91%-ына сәйкес келеді.

Сонымен бірге Павлодар, Ақсу және Екібастұз қалаларындағы тозуы 85 пайызға жуық кәріз және тазарту құрылыстарының жай-күйі сөз болды, облыс әкімдігі жаңғырту және қайта құру бойынша тиісті шараларды қабылдауы қажет. Бұл ретте экологиялық төлемдерден түсетін қаражат есебінен қаржыландыру мәселесін қарастыру қажетілігі аталып өтті.

Іс-шара аяқталғаннан кейін С.Брекешев БАҚ өкілдеріне арналған брифинг пен азаматтарды жеке қабылдауын өткізді.

Өзгелердің жаңалығы