Экология министрі: Каспийдің жағдайы мүшкіл

8 Маусым 2023, 14:12
3320
Бөлісу:
Экология министрі: Каспийдің жағдайы мүшкіл
Фото: Арман Мухатов

Каспий теңізінің суы соңғы жылдарда азайып бара жатыр. Экология министрі Зүлфия Сүлейменова Каспий теңізінің қазіргі жайы туралы айтты, деп жазады BAQ.KZ тілшісі. 

Министрдің сөзінше, Каспий теңізінің еліміздегі аймағы ең таяз аумақ, онымен қоса теңіздің суы азайған сайын оған құятын су да азаяды.

Біріншіден, Каспий теңізіне құятын өзендер ағысы төмен. Теңіз - жабық су айдыны. Екіншіден, сол өзендердің гидрологиялық режимдеріне әсер ететін климаттың өзгеруі, - деп атап өтті Сүлейменова.

Сонымен қатар Сүлейменова бұл мәселе Каспий маңындағы елдермен талқыға салынып жатқанын айтты. Оның айтуына қарағанда, бұл проблеманы кешенді түрде шешпесе тек Қазақстан емес, Каспий теңізі жағалауындағы өзге де мемлекеттер үшін қауіп әкелмек.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Астана халықаралық форумында сөйлеген Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Қырғызстанда су ресурстарына аса мән беріліп, үнемді пайдалану жолдары қолға алынғанын мәлім етті.

Өзгелердің жаңалығы