Экология мәселесі: Маңғыстауда 7 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды

1 Ақпан 2022, 14:48
2071
Бөлісу:
Экология мәселесі: Маңғыстауда 7 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Экология және қоршаған ортаны қорғау мәселелері туралы Маңғыстау облыстық экология департаментінің басшысы Руслан Төкенов облыстық қоғамдық коммуникация орталығының ақпараттық алаңында өткен брифингте айтты. 

Былтыр тазалау жұмыстарын толыққанды қамтамасыз етпегені үшін экология департаментімен жергілікті атқарушы органдардың 7 жауапты лауазымды тұлғасына, ал полиция қызметкерлерімен қоқыстарды заңсыз төккені үшін 100-ге жуық жеке тұлғаға қатысты әкімшілік жауапкершілік қаралып, тиісті шарасы алынды. Мәселенің өңіріміздің санитарлық жағдайын жақсартуға және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталғандығын ескере отырып, қала және аудан әкімдіктері назарда ұстауы керек, - деді Төкенов. 

Ол атап өткендей, аталған жедел шаралармен қатар, стихиялық қалдықтарды болдырмау мақсатында ҚР Экология, геология және табиғи жүйелік министрлігі тарапынан бірнеше сипаттағы шаралар қарастырылып жатыр. 

Атап айтқанда қалдықтарды тасымалдауға арналған автокөліктерді есепке алу, сондай-ақ ол автокөліктерді GPS жүйесімен жабдықтауды міндеттеу үшін қалдықтарды тасымалдаушы мекемелер реестрін жасақтау. Стихиялық қалдықтарды анықтау және жою үшін біріңғай байланыс орталығын ашуды қарастыру, мысалы виртуалды оператор iKomek (Нұр-Сұлтан) платформасы секілді. Жергілікті экология департаментінің өкілдері полиция департаменті қызметкерлерімен бірлесіп рейдтік шараларды күшейтетін болады, - деді ол. 

Өзгелердің жаңалығы