Қазақстанның үстел теннисінен ерлер құрамасы Жапонияның Айти және Нагоя қалаларында өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарындағы командалық турнирдің топтық кезеңіндегі екінші матчын өткізді.
Екінші кездесуде қазақстандық спортшылар Сингапур құрамасымен ойнады. Матч 3:1 есебімен аяқталып, Қазақстан екінші жеңісіне қол жеткізді. Бұған дейін отандастарымыз Бангладеш құрамасынан басым түскен еді.
Қазақстан құрамасы G тобында өнер көрсетіп жатыр. Бұл топта Сингапур, Бангладеш және Лаос құрамалары да бар.
Топтық кезеңдегі соңғы кездесуін қазақстандықтар 21 қыркүйекте Лаос құрамасына қарсы өткізеді. Сол күні Сингапур Бангладешпен кездеседі.
Топтық кезең қорытындысы бойынша командалық турнирдің келесі кезеңіне өтетін құрамалар анықталады.