«Екінші өмір»: Елордада КВИ жұқтырып, өкпесі 100% зақымданған науқас емделіп шықты

9 Қыркүйек 2021, 11:40
9207
Бөлісу:
«Екінші өмір»: Елордада КВИ жұқтырып, өкпесі 100% зақымданған науқас емделіп шықты
EX PHOTO
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордадағы №3 көпбейінді қалалық ауруханадан коронавирус инфекциясын жұқтырып, өкпесі 100% зақымданған науқас толықтай емделіп шықты. Ковидтік стационарға 25 шілде күні түскен Асхат Отызбаевқа аталған медициналық мекеме қызметкерлері 45 күн бойы барлық ем-шараны жүргізген көрінеді.

№3 көпбейінді қалалық ауруханаға 100% өкпе зақымдануымен түскен, бүгінде толықтай емделіп шыққан науқас ауруханадан шығарылады. Науқас А.Отызбаев ковидтік стационарға 25 шілде күні түсіп, 45 күн барлық ем-шарасын қабылдап, сауығып шықты.

«Екінші өмір»: Елордада КВИ жұқтырып, өкпесі 100% зақымданған науқас емделіп шықты


45 күн бойы аурухана төсегіне таңылған Асхат оның жартысын жансақтау бөлімінде өткізіпті. «Батпандап кіріп, мысқылдап шығатын» қауіпті індеттің тырнағына іліккенімен, вирус дегеніне жетпеді. Ол толықтай айығып шықты. Дегенмен алда бірнеше ай бойы оңалтудан өтіп, өкпесін жаттықтыруы тиіс деп отыр мамандар. Пациенттің вакцина салдырып үлгермегенін алға тартқан дәрігерлер екпе алғанда, бәлкім, жеңіл өтер ме еді деген ойларын да жасырмады. Бір жарым айдан астам уақыт бойы Асхаттың өмірі үшін күрескен бөлімше ұжымының қуанышында шек жоқ. Ал Асхат болса, өмірге қайта келгендеймін дейді.

«Екінші өмір»: Елордада КВИ жұқтырып, өкпесі 100% зақымданған науқас емделіп шықты


Ауру айтып келмейді екен. Вирусты қайдан, қалай жұқтырып алғанымды өзім де білмеймін. Өмірге қайта келгендей сезімдемін. Бүгінгі эмоциямды сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. «Ертең ауруханадан шығарамыз» дегенді естіп, түнімен көз ілмей шықтым. Осы дерттен ұққаным, ең қиыны, есіңде ештеңе сақталмай, жадыңды жоғалтуың екен. Қазір жағдайым жақсарып келеді. Орнымнан тұра алмай, тіпті, сөйлей алмай қалғанмын. Бұл жерде жақсы күтімде болдым. Осы ауруханада жұмыс істейтін әрбір дәрігер, барлық медқызметкер келіп, жағдайымды сұрап тұрды. Алғысым шексіз. Үйде жұбайым мен екі балам күтіп отыр, - деп ағынан жарылды Асхат Отызбаев.

«Екінші өмір»: Елордада КВИ жұқтырып, өкпесі 100% зақымданған науқас емделіп шықты

Асхат 20 күннен артық уақыт жансақтау бөлімінде жағдайы ауыр науқастарға арналған фулометр аппаратының көмегімен ғана тыныс алған. Жандарын салып, бүкіл күшін жұмылдырған дәрігерлер өлім мен өмірдің арасында жатқан науқасты «ана өмірден» алып келгендей болғандарын айтты.

«Екінші өмір»: Елордада КВИ жұқтырып, өкпесі 100% зақымданған науқас емделіп шықты


Ауруханаға түскенде өз аяғымен келсе де, жағдайы өте ауыр еді. Өкпесі 100% зақымданған. Бұл дегеніміз жастар да ауырып қалуы мүмкіндігін көрсетіп отыр. Әрі пациент вакцинацияланбаған, жансақтау бөліміне түсіп қалуына мұның әсері болды. Өйткені вакцина алғандарда вирус жеңіл өтеді. Жастар да, ересектер де жеңіл ауырады, екпе алғандар реанимацияға да көп түспейді. Асхат Отызбаевты хаттама бойынша емдедік. Ауруханада жатқан 45 күн ішінде тәулік бойы бақылауда болды. Енді бірнеше ай оңалтудан өтеді, - деді №3 көпсалалы қалалық аурухананың терапевт дәрігері Ғайса Нұрғалиев.

«Екінші өмір»: Елордада КВИ жұқтырып, өкпесі 100% зақымданған науқас емделіп шықты

Ал пульмонолог дәрігер көп адам ауруханаға өз аяғымызбен келіп, қалай жансақтау бөлімінен бір-ақ шығамыз деген сауалды көп қоятындығын алға тартты.

«Екінші өмір»: Елордада КВИ жұқтырып, өкпесі 100% зақымданған науқас емделіп шықты


Бүгін ауруханадан шыққалы жатқан емделушіміз Асхат та өз аяғымен келді. Бірақ жағдайы тым ауыр еді. Себебі коронавирус дерті – өте қатерлі. Толқын тәрізді, оның қалай өрбитінін ешкім болжай алмайды. Мәселен, пациент Отызбаев ауруханаға жатқызылған соң үшінші күні тыныс алу жетіспеушілігі едәуір күшейді. Дереу компьютерлік томография жасаған соң өкпесінің 100% зақымданғанын көрдік. Осылайша, өздігінен дем алуы қиындаған соң, реанимация бөліміне ауыстырдық. Әрине, адам дұрыс дем ала алмаған соң, миына баратын оттегі де азаяды. Науқастың өміріне қауіп төніп, ауру ағымы агрессивті түрде өтеді, - дейді №3 көпбейінді инфекциялық аурухананың пульмонология бөлімінің меңгерушісі Сапаргүл Бердешова.

«Екінші өмір»: Елордада КВИ жұқтырып, өкпесі 100% зақымданған науқас емделіп шықты

Мамандардың сөзіне сенсек, биыл тәжтажал жастардың өмірін де жалмап жатқан көрінеді.

«Екінші өмір»: Елордада КВИ жұқтырып, өкпесі 100% зақымданған науқас емделіп шықты


Биыл жас пациенттеріміз де қайтыс болып жатыр, орташа 50 жас мөлшері. Сондықтан эмоциялық жағынан қиналамыз, әр науқас үшін жүрегің ауырады. Кейде бәрін тастап, кетіп қалғың келетін кездер болады. Бірақ қызметіміздің алдындағы парызымыз бар. Біздің көмегіміз науқастарға қатты қажет екенін түсінеміз. Осы №3 көпсалалы ауруханада пациенттердің 80%-дан астамы коронавирустан емделіп жатыр. Қазір 6 адам аса ауыр халде, 2-еуі ӨЖЖ аппаратына қосулы, - деді анестезиолог-реаниматолог Қарлығаш Ерғожина.

«Екінші өмір»: Елордада КВИ жұқтырып, өкпесі 100% зақымданған науқас емделіп шықты

Өзгелердің жаңалығы