Екінші деңгейлі банктер кәсіпкерлерге жеңілдетілген несие береді

29 Шілде 2019, 16:39
2203
Бөлісу:
Екінші деңгейлі банктер кәсіпкерлерге жеңілдетілген несие береді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Несие 6% мөлшерімен 7 жылға дейін берілетін болады. Төмен пайыздық мөлшерлеме "Даму" КДҚ" АҚ субсидиялау арқылы сыйақының бір бөлігі өтелетіндігіне байланысты бөлінеді, деп хабарланды елорда әкімдігінің ресми сайтында. 

"Инвестиция және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының мәліметіне сәйкес, отандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында "Қарапайым заттар экономикасы" республикалық бағдарламасы іске қосылды. Осы мақсаттарға 600 млрдтеңге бөлінді, олар келесі екінші деңгейдегі банктерде салынған: "Халық банкі" АҚ, "First Heartland Jusan Bank" АҚ, "Сбербанк" АҚ ЕБ, "Банк Центр Кредит" АҚ, "АТФ Банк" АҚ, "Forte Bank" АҚ, "Еуразиялық банк" АҚ, "Bank RBK" АҚ, "Нұрбанк"АҚ. Бұл ретте, кредитті пайдалану мақсаттары: инвестицияларға кемінде 50%, айналым қаражатын толықтыруға кемінде 50% болуы тиіс. Бағдарламаға 108 ЭҚЖЖ-ның бірінде (11.12.18 ж. №820 ҚРҮҚ сәйкес) жобаларды іске асыратын кәсіпкерлер қатыса алады, оның ішінде білім беру объектілерін салу, Көлік құралдарын, құрылыс материалдарын, тамақ өнімдерін, тоқыма өнімдерін, қағаз бұйымдары мен буып-түю материалдарын, электрониканы, жиһаздарды, тұрмыстық химия өнімдерін өндіру бойынша", - делінген таратылған ақпаратта.

Сонымен қатар, бағдарламаны жүзеге асыру аясында Нұр-Сұлтан қаласының өңірлік кәсіпкерлер палатасы алаңында жобалық кеңсе құрылды, ол тұрақты негізде консультациялық қызмет көрсетеді. 
Өзгелердің жаңалығы