«Экибастузтеплоэнерго»-ға 9,3 млн теңге айыппұл салынды

2 Желтоқсан 2021, 15:00
961
Бөлісу:
«Экибастузтеплоэнерго»-ға 9,3 млн теңге айыппұл салынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті «Экибастузтеплоэнерго» ЖШС-ның қызметіне жоспардан тыс тексеру жүргізді.

Онда «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабының талаптарын, оның ішінде реттелетін қызметтерге қол жеткізуді ұсыну бөлігіндегі талаптарды сақтау бөлігінде заң бұзушылықтар болған.

Тексеру жүргізудің құқықтық негізі Павлодар облыстық мәслихатының депутаты П.И. Ярошенконың «Экибастузтеплоэнерго» ЖШС-ның әрекетіне қатысты өтініші болды.

Тексеру аясында бірқатар бұзушылықтар анықталды, атап айтқанда:

- Техникалық шарттарды беруден бас тартылған жағдайларда шешімдердің көшірмелері мен дәлелді негіздемелерді уәкілетті органға ұсынбау бөлігінде, Табиғи монополиялар туралы заңының 26-бабының 2-тармағының 4) тармақшасын бұзу;

- табиғи монополия субъектісінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру мерзімдерін бұзу;

- табиғи монополия субъектісінің табиғи монополия субъектісі желілерінің резерві, бос және қолжетімді қуаттарының, сыйымдылықтарының, орындарының бар-жоғы, өткізу қабілеті туралы ақпаратты өзінің интернет-ресурсында не уәкілетті органның интернет-ресурсында тоқсан сайын орналастыру міндетін сақтамаудан көрінген, Табиғи монополиялар туралы заңының 26-бабының 2-тармағының 21) тармақшасын бұзу.

Анықталған бұзушылықтар нәтижесінде, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 164-бабының 4-бөлігі бойынша әкімшілік айыппұл 9,3 млн теңге болды.

Субъекті әкімшілік айыппұлды өндірісті қысқартылған тәртіпте төледі.

Бұдан басқа, субъектінің атына бұзушылықтарды жою туралы орындалуы міндетті нұсқама шығарылды.

Өзгелердің жаңалығы