Екібастұздықтар шығынның орнын толтыруға өтініш жаза алады – әкім

5 Желтоқсан 2022, 20:15
860
Бөлісу:
Екібастұздықтар шығынның орнын толтыруға өтініш жаза алады – әкім

Бұл туралы жедел штабтың Екібастұз қаласын жылумен қамту бойынша қазіргі жағдайына қатысты өткен баспасөз мәслихатында талқыланды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Айтуынша, қаладағы апаттан келген шығындар әлі есептелген жоқ. 

Әлі шығынды есептеу басталған жоқ. Апаттық-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Біз барлық жұмысты аяқтаған соң бұл жұмыспен әкімдік айналысады. 2 мыңнан астам өтініш болды. Бірақ нақтысын білмеймін, - деді облыс әкімінің уақытша міндетін атқарушы Олег Крук. 

Ал қала әкімі азаматтардың өтініштері қай жерде қабылданатынына тоқталды. 

Қалада 12 жылыту пункті бар. Олардың жетеуінде азаматтардан шығынның орнын толтыруға қатысты өтініштер қабылдайтын пункт орналасқан. Өтінішті нақты себептер мен талап етіліп отырған зиянның орнын толтыру себептерін көрсете отырып, ерікті түрде жазу қажет. Егер өздігінен (тұрғындар – ред.) қандай да жұмыстарды жасаса, барлық қажетті фискалді чектерді қоса ұсынған дұрыс. Осыдан соң комиссия бәрін тексереді. Ережеге сай, үш күн ішінде зиянның орны толтырылады, - деді қала әкімі Аян Бейсекин.  

Еске сала кетейік, 27 қараша күні Екібастұз қаласындағы жылу-электр орталығында орын алған апат салдарынан қала жылусыз және ыстық сусыз қалған еді. 

28 қараша күні қалада ТЖ режімі жарияланды.

Бұған дейін Екібастұз қаласының әкімі Аян Бейсекин қалада 1200-дей отбасының жылусыз отырғанын айтқан болатын. 

Өзгелердің жаңалығы