Екібастұздағы жылуды қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатыр

5 Желтоқсан 2022, 12:19
861
Бөлісу:
Екібастұздағы жылуды қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатыр

71 көпқабатты проблемалық үйлердің жертөлелеріндегі жылыту тораптарына жылу берілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жедел штабтың жетекшісі — премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр қазіргі таңда осы үйлердің жылыту тораптарында жөндеу жұмыстары аяқталғанын хабарлады. Қазір пәтерлердің ішіндегі құбырлар мен регистрлерді қосу жүріп жатыр. Сонымен қатар мамандар су және кәріз жүйелерін қалпына келтіруде.

Жедел штаб жүргізілген жөндеу жұмыстарының тізбесі берілген барлық зардап шеккен үйлердің тізімін жариялады.

Еске сала кетейік, Екібастұзда барлығы 689 көпқабатты үй бар. Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына 851 адам жұмылдырылған.

Өзгелердің жаңалығы