Екібастұз қаласындағы газ құю станциясында болған өрт пен ондағы адам өліміне байланысты жұмыс тобы құрылды, деп хабарлайды BAQ.KZ қала әкімдігіне сілтеме жасап.
Қала әкімдігінің қаулысымен 23 жанар-жағармай және 11 газ құю станциясы қызметіне мониторинг жүргізу жөніндегі жұмыс тобы құрылды. Жұмыс тобына Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары төрағалық етеді. Құрамында қалалық төтенше жағдайлар басқармасының бастығы, жергілік полиция қызметінің бастығы, кәсіпкерлік, жер қатынастары, тұрғын үй инспекциясы, сәулет, мемлекеттік кірістер және санитариялық-эпидемологиялық бақылау басқармаларының басшылары бар. Жұмыс тобы бүгін міндетін атқаруға кірісті, - делінген әкімдік мәлімдемесінде.
Сондай-ақ, өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуынан адам өлімі тіркелуіне байланысты 2 қылмыстық іс қозғалған.
Еске салсақ, бүгін сағат 13:24-те Екібастұз қаласы Қонаев, 5 көшесінде орналасқан АГҚБ газ құйылған 4 резервуар жанды. Оқиға орнында шамамен 40 газ баллон болған. Өрт жақын маңдағы «Феруза» азық-түлік дүкеніне өтіп, шамамен 200 шаршы метр аумақтағы шатыр, сондай-ақ 20 шаршы метр аумақтағы су мұнарасының шатыры жанды. Өрт 15:00-де оқшаулауланып, 15:44-те сөндірілді.
Цистернаның жанынан жас жігіттің денесі табылғаны мәлім болды. Кейін марқұмның кім екені анықталды.
- Мұқаба
- Жаңалықтар
Екібастұздағы жарылысқа байланысты жұмыс тобы құрылды

-
1Кремль Украинадағы соғысты "тез арада тоқтату" шартын атады15492Қырым дауы: Зеленский Трамптың сынына жауап берді10153Шетелдегі қазақтар ана тілі мен дәстүріне берік – Президент101141 қыркүйектен бастап мектептерде тағы өзгеріс болады9215"Мына тілде сөйле" деп мәжбүрлемеуіміз керек – Тоқаев834