Екібастұздағы ТЖ: Мектептер мен балабақшаларға жылу қашан беріледі?

4 Желтоқсан 2022, 21:01
1255
Бөлісу:
Екібастұздағы ТЖ: Мектептер мен балабақшаларға жылу қашан беріледі?

Бұл туралы Павлодар облысы әкімінің уақытша міндетін атқарушы Олег Крук жедел штабтың Екібастұз қаласын жылумен қамту бойынша қазіргі жағдайына қатысты өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Айтуынша, әлеуметтік нысандарға жылу жүйесі 5 желтоқсаннан бастап қосыла бастайды. 

Қазіргі сәтте біз тұрғын үйлерге жылу тасымалдауыштарды беруді жүргізіп жатырмыз. Келесі қадам – суды беруді қалпына келтіру. Ертең, яғни 5 желтоқсаннан бастап біз әлеуметтік нысандарға жылу беруді қалпына келтіруге кірісеміз. Біздің ЦТП 52 үш нысанымыз бар. Одан басқа параметрлер бар. Қалай қалпына келеді, солай мектептер мен балабақшаларға жылу беру режімін қалпына келтіру мәселесі қарастырылады, - деді Павлодар облысы әкімінің уақытша міндетін атқарушы.  

Еске сала кетейік, 27 қараша күні Екібастұз қаласындағы жылу-электр орталығында орын алған апат салдарынан қала жылусыз және ыстық сусыз қалған еді.

28 қараша күні қалада ТЖ режімі жарияланды.

Бұған дейін Олег Крук Екібастұздағы жылу жүйесі жөндеуге келмейтін үйлерді атаған болатын. 

Өзгелердің жаңалығы