Екібастұзда жұмысшыны топырақ кескіш басып кетті

6 Қараша 2020, 03:44
1911
Бөлісу:
Екібастұзда жұмысшыны топырақ кескіш басып кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Екібастұзда жұмысшыны топырақ кескіш басып кетті. Қайғылы жағдай ЖШС-тің бірінде орын  алды, деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметі.

26 жастағы  тау-кен шеберін жұмыс кезінде топырақ кескіш басып кетті. Аяғын жарақаттаған жұмысшы Екібастұздағы ауруханаға жатқызылды, - дейді облыстық ПД баспасөз  қызметінде.

 Аталмыш фактіге қатысты тексеру жүргізілуде. 

Өзгелердің жаңалығы