Екібастұзда жетпістей жер үй жылусыз отыр - әкім

4 Желтоқсан 2022, 21:40
1949
Бөлісу:
Екібастұзда жетпістей жер үй жылусыз отыр - әкім

Бұл туралы Павлодар облысы әкімінің уақытша міндетін атқарушы Олег Крук жедел штабтың Екібастұз қаласын жылумен қамту бойынша қазіргі жағдайына қатысты өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Айтуынша, әкімдік жеке тұрғынүй секторындағы үйлер бойынша статистиканы тікелей өтініштер бойынша жүргізіп жатыр. 

Бүгін бригадалар бірінші күн жоспарлы жұмысқа шықты. Бұған дейін біз барлық күшімізді көпқабатты тұрғынүйлерге жұмсаған болатынбыз. Қазір магистралдық желілермен айналысатын бригада босады. Біз тұрғындарға олардың жекеменшік желілері мен жылу желілеріндегі мұзды ерітуге көмектесу туралы шешімге келдік. Қолда бар деректерге сәйкес, жетпістей жеке тұрғынүй жылусыз отыр, - деп атап өтті облыс әкімінің уақытша міндетін атқарушы,

Еске сала кетейік, 27 қараша күні Екібастұз қаласындағы жылу-электр орталығында орын алған апат салдарынан қала жылусыз және ыстық сусыз қалған еді. 

28 қараша күні қалада ТЖ режімі жарияланды.

Бұған дейін қала әкімі Аян Бейсекин Екібастұзда әлі 11 тұрғынүйге жылу берілмегенін айтқан болатын. 

Сонымен қатар Олег Крук қаладағы әлеуметтік нысандарға, соның ішінде мектептер мен балабақшаларға қашан жылу беріле бастайтынын айтты. 

Өзгелердің жаңалығы