Екібастұзда «Шабыт» жастар орталығы ашылды

4 Желтоқсан 2020, 14:45
2132
Бөлісу:
Екібастұзда «Шабыт» жастар орталығы ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қайнар» білім беру-демалыс кешенінде белсенді еріктілерге құрмет көрсетілді, деп хабарлады Pavlodarnews.kz.

ҚР Тәуелсіздік күні қарсаңында тұсауы кесілген орталықта ауған жауынгерлерінің қоғамдық бірлестігі, бірқатар қоғамдық қор, сондай-ақ қаланың еріктілер жасақтары жұмыс істейтін болады.

Құрметке бөленген еріктілердің арасында Екібастұз гуманитарлық еріктілер тобы, «Екібастұз» балалар қоры, «28 петель» клубы, «Павлодар мейірімділер клубы» қоғамдық қорының филиалдары, VITA іздеу жасақтары, «Легион 14» және басқалар бар.

Біздің филиал осы жылдың мамыр айында ашылды. Қазір топта әртүрлі жастағы және түрлі салада жұмыс істейтін 20-ға жуық белсенді бар. Біз жоғалған адамдарды іздеумен де, мұқтаж адамдарға гуманитарлық көмек көрсетумен де айналысамыз, - деді ерікті Малика Ахатова.
Пандемия басталған кезден бері екібастұздық еріктілер карантинге жабылған үйлерге азық-түлік тасымалдады. Тұрмысы төмен жандарға көмектесті, коронавирус инфекциясы туралы буклеттер, маскалар, антисептиктер таратады, қарт адамдарды емханаларға ертіп барады, мүмкіндігі шектеулі балаларға жәрдемдеседі, блок бекеттерде кезекшілік етеді.

Қалалық әкімдіктің ақпаратынша, еріктілер жасақтары жеті мыңнан астам азаматқа 30 млн теңгеден астам сомаға азық-түлік жиынтығымен гуманитарлық көмек көрсеткен. 

Өзгелердің жаңалығы