Екібастұзда сауда үйінде ер адам көз жұмды

15 Шілде 2023, 04:26
664
Бөлісу:
Екібастұзда сауда үйінде ер адам көз жұмды

Екібастұзда сауда үйінде ер адам көз жұмды. 68 жастағы тұрғын жедел жәрдем көлігі келгенге дейін қайтыс болған, деп хабарлайды BAQ.KZ pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық жедел жәрдем станциясының мәліметінше, "Сказка" сауда үйіне өтіп бара жатқан адамнан сағат 13:41-де шақырту түскен. Медициналық топқа жеделдіктің бірінші санаты бойынша шақырту беріліп, бригада оқиға орнына 10 минутта жеткен. Бұл 103 қызметі пайдаланатын навигациялық жүйенің деректерімен расталады.

Бригада келген кезде сауда орталығының ішіндегі ер адамда тіршілік белгілері байқалмаған. Дәл сол сәтте оған ешкім көмектесіп жатпады. Кардиограмма асистола және жүрек соғысының тоқтағанын көрсетті. Ер адам ес-түссіз күйде жатты, ұйқы артериясында пульсация болмады және тыныс алуы тоқтаған еді, - деді станцияда.

Бригада дереу реанимациялық шараларды бастап, қолдарынан келгеннің бәрін жасаған, дегенмен ер адамның демі үзіліп кеткен.

 

Өзгелердің жаңалығы