Екібастұзда анасынан қызын ұрлап кеткен ер адам қамауға алынды

6 Ақпан 2021, 10:35
1235
Бөлісу:
Екібастұзда анасынан қызын ұрлап кеткен ер адам қамауға алынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Полицейлер Екібастұз тұрғынының бұрынғы азаматтық жұбайы ұрлап кеткен қыз баланы анасына қайтарды, деп жазды pavlodarnews.kz.

2021 жылдың 28 қаңтарында Екібастұз қаласының полициясына әйел адам жүгінді. Оның айтуынша, сағат 01.00 шамасында жанжал кезінде бұрынғы азаматтық күйеуі оған дене жарақатын келтірген. Ер адаммен бірге олар ұзақ уақыттан бері тұрмаған. Үйден кетіп бара жатқан «күйеуі» қызын алып, белгісіз бағытта қашып кеткен. Полиция ер адамның тұрғылықты жерінде баланы таппады. Ол қызын туыстарына беріп үлгергені белгілі болды. Полиция дереу жас баланы іздестіру шараларын қабылдады. Ювеналдық полиция қызметкерлері еріктілермен бірлесе отырып, әртүрлі ақпарат жинады. Іздестіруге қала тұрғындары да қосылды, - деді Павлодар облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Ер адаммен қорғаншылық және қамқорлық органдарының өкілдері де әңгіме жүргізіп, қызының әлі кішкентай және оған анасының қамқорлығы қажет екенін түсіндірді.

Сонымен қатар Екібастұз қаласының учаскелік полиция инспекторы әйелдің азаматтық жұбайына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 73-1-бабы 1-1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғады, материал сотта қаралды. Сот ер адамды әйел адамның денсаулығына қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін кінәлі деп танып, оған 5 тәулікке әкімшілік қамауға алды, - деп Жасқайрат Қайыров толықтырды.
Қабылданған шаралар нәтижесінде 2021 жылғы 04.02. сағат 23:00 шамасында Екібастұз қаласының ювеналдық полиция қызметкері баланың тұрған жерін анықтады.

Өзгелердің жаңалығы