Екібастұз қаласында металлургиялық кластер құру жоспарланып отыр

4 Қараша 2022, 11:52
901
Бөлісу:
Екібастұз қаласында металлургиялық кластер құру жоспарланып отыр
PHOTO

"Ашық сағат алаңы" диалог алаңында ZOOM арқылы қара металлургия саласын дамыту мәселелері бойынша кеңес өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жиынға Индустриялық даму комитеті және отандық металлургиялық кәсіпорындардың өкілдері қатысты.

Тау-кен металлургия кешені-ел экономикасындағы мұнай мен газдан кейінгі екінші маңызды сала. 2021 жылы еліміздің ЖІӨ-де қара металдар мен темір кендерін өндіру бойынша ТМК-нің жалпы үлесі 3,1% - ды құрады. Ал, өңдеу өнеркәсібіндегі қара металлургияның үлесі 18,6%-ды құрайды.

Қара металлургия және көмір өнеркәсібі басқармасының басшысы Жанат Игісіновтың айтуынша, ағымдағы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша қара металлургияда НКИ 100,0% -ды құрады.

 

Екібастұз қаласында металлургиялық кластер құру жоспарланып отыр

Отандық кәсіпорындарда ферроқорытпа, арматуралық жайма, болат құбырлар, рельстер және қалыпқа келтірілген жайма өндірісінің өсімі байқалады. Өз кезегінде бізге саланың экспорттық әлеуетін кеңейту қажет. Осыған байланысты Қытай мен Каспий маңы өңірлері бағытында т/ж және теңіз тасымалдарын дамытуға ерекше назар аударуымыз тиіс. Сондай-ақ, Орталық Азия нарығын, оның ішінде бірлескен инвестициялық жобалар арқылы белсенді игеру мәселесі тұр, - деп атап өтті Жанат Игісінов.

Қазіргі уақытта болат өнімдерінің тізімін кеңейту арқылы импортқа тәуелділікті азайту жоспарланған. Осылайша алдағы уақытта болат өнімдерін, ферроқорытпаларды, кокс пен арнайы коксты өндіру бойынша жаңа жобалар іске қосылмақ.

Екібастұз қаласының индустриялық аймағында металлургиялық кластер құру қарастырылған. Мұнда өзара байланысты үш зауыт салу көзделіп отыр. Ферроқорытпа зауыты - болаттың сапасын жақсарту үшін қолданылатын ферросилиций шығарады. Ал, DRI фабрикасы - болат өндіру үшін жоғары сапалы шикізат түрінде қолданылатын ыстық темір өндірмек. Бұл өндіріс ошақтары қуаттылығы 3 млн тонна болат балқыту зауытын шикізат базасымен қамтамасыз ету мақсатында іске асырылады.

Өзгелердің жаңалығы