«Екі сөйлеу емес, әділеттілік үшін күресем». Дәулет Мұқаев сайлауға не үшін түсетінін айтты

4 Наурыз 2023, 15:39
1823
Бөлісу:
«Екі сөйлеу емес, әділеттілік үшін күресем». Дәулет Мұқаев сайлауға не үшін түсетінін айтты
Фото: zharar.com

Қоғам белсендісі Дәулет Мұқаев не үшін депутат болғысы келеді? , деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Өзіңізбен бір жыл бұрын сұхбаттасқан кезде «мен ешқашан депутат болмаймын, ондай мақсатым жоқ» деп айтқан едіңіз. Кейбір блогерлер мен журналистер бұл сөзіңізді «жігіттің екі сөйлегені өлгені» біраз айтты. Оларға қалай жауап бересіз?, - деп сұрақ қойды журналист.

Дәулет Мұқаев осы уақытқа дейін  «депутаттыққа сайланбаймын» деп бірнеше мәрте сұхбат бергенмін айтты.

Біріншіден, «Адал» партиясында болдық, қаншама халық дауыс берді. Халықтың батасы мен жылы лебізін алдық. Бірақ нәтижеміз 3 пайыздай болды. Сол нәтижеден кейін көңілім қайтып қалды. Екіншіден, бір күні мен парақшама «суық күні депутаттар жылы орнын босатады» деп пост салдым. Пост астында 6500-дей пікір жиналды. Пікірлерді оқығанда біраз адам «сен неге өзіңді ұсынбайсың, тағы бір рет көр» делінген пікір қарасы көп болды. Мен ол пікірлерді оқып, тағы ойланып қалдым. Қолдайтын оқырмандарым бар кезде көрейін дедім. Бұл екі сөйлеу емес, әділеттілік үшін күрес. Шамам жеткенше тырысамын, - деді ол.

Сонымен қатар ол осы жылғы сайлауға баға берді.

Бұл нағыз бәсеке, өз-өзіңді көрсету деп білемін, - деді Дәулет Мұқаев “Адырна” ұлттық порталы берген сұхбатында. 

Естеріңіге салайық, Дәулет Мұқаев өзін 19 наурызда өтетін сайлауға ҚР Мәжіліс депутаттығына кандидат ретінде ұсынды. Ол Астана қаласының Есіл және Сарыарқа аудандарының №2 бірмандаттық аумақтық сайлау округінен үміткер. 
 

Өзгелердің жаңалығы