Екі қалада ауа сапасы нашарлайды

9 Қыркүйек 2022, 07:07
1711
Бөлісу:
Екі қалада ауа сапасы нашарлайды

 «Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына болжам жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

9 қыркүйекте Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Өзгелердің жаңалығы