Екі облысты қалың тұман басады

7 Наурыз 2024, 09:45
322
Бөлісу:
Екі облысты қалың тұман басады

"ҚазАвтоЖол" ҰК еліміздің автожолдарындағы ауа райы туралы мәліметті таратып, ескерту жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Маңғыстау, Ақтөбе облыстарында қалың тұман түседі. Салдарынан автожолдарда көріністің шектелу қаупі бар. Қостанай және Ақмола облыстарында екпіні 15-20 м/с жел соғады деп болжанады. Жамбыл облысының таулы аймақтарында көктайғақ пайда болу қаупі бар. Құрметті республикалық маңызы бар автожолдарды пайдаланушылар! Қауіпсіздік мақсатында жол жүру ережесін қатаң сақтап, ұзақ жолға шығар алдында ауа райының қолайсыздығын ескерулеріңізді сұраймыз, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы