Екі облыста жол жабылды

27 Ақпан 2024, 22:12
508
Бөлісу:
Екі облыста жол жабылды
Фото: Қазавтожол

2024 жылғы 27 ақпандағы сағат 21:30-дағы жағдай бойынша ауа райының қолайсыздығына байланысты екі облыста республикалық маңызы бар екі автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Шығыс Қазақстан облысында жалпы ұзындығы 30 км 1 автожол:

  • "Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катонқарағай-Рахман қайнары", Берел а.-Рахман қайнары. (автокөліктің барлық түрі үшін).

Жамбыл облысында жалпы ұзындығы 79 км 1 автожол:

  • "Алматы-Ташкент-Термез", Кенен а. - Қайнар а. (қозғалыс ескі Қордай асуы арқылы жүзеге асырылады). (автокөліктің барлық түрлері үшін).

Республикалық маңызы бар автожолдарға 363 бірлік техника және 489 адам жұмылдырылды.

Өзгелердің жаңалығы