Екі облыста дауыл соғып, бұршақ жауады

2 Шілде 2019, 09:37
1816
Бөлісу:
Екі облыста дауыл соғып, бұршақ жауады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК синоптиктері Қызылорда және Атырау облыстарында дауылды ескерту жариялады.  

«2 шілдеде Қызылорда облысының кей жерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Жел батыстан соғады, күші кей жерде 15-20 м/с, күндіз екпіні 25 м/с күтіледі. Қызылорда қаласында 2 шілдеде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Жел батыстан соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с. Дабылды ескертудің ықтималдылығы – 95-100%», - делінген хабарламада.

2 шілдеде Атырау облысының кей жерінде найзағай ойнайды. Солтүстік-батыс, батыстан жел соғады, күші кей жерде 15-20 м/с күтіледі.         

Күндіз 2 шілдеде Атырау қаласында солтүстік-батыс, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді. 

Дабылды ескертудің ықтималдылығы – 80-85%.
                           

Өзгелердің жаңалығы