Екі облыста ауа райы бұзылады

15 Сәуір 2020, 02:29
1777
Бөлісу:
Екі облыста ауа райы бұзылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Карағанды облысының кей жерлерінде тұман болса, ал Атырау облысында оңтүстіктен соғатын желдің екпіні 17-22 м/с дейін жетеді, деп хабарлайды "Қазгидомет" РМК.

15 сәуірде Карағанды облысының кей жерлерінде тұман (көбінесе орталығында және шығысында) күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, кей жерлерінде екпіні 15-20 м/с (көбінесе солтүстігінде және шығысында) күтіледі.

Қарағанды қаласында да 15 сәуірде жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. 

Сондай-ақ ертең күндіз Атырау облысында оңтүстіктен соғатын желдің екпіні 17-22 м/с, күндіз кей жерлерде шаңды дауыл күтіледі. Атырау қаласында күндіз 15 сәуірде оңтүстіктен соғатын желдің екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Өзгелердің жаңалығы