Екі мыңнан астам жас «Жасыл ел» қатарына қабылданды

20 Маусым 2022, 13:29
1435
Бөлісу:
Екі мыңнан астам жас «Жасыл ел» қатарына қабылданды
Фото: автордан

Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Павлодар облысында екі мыңнан астам студент «Жасыл ел» еңбек жасақтарының қатарына қабылдап, еңбекке кірісті.

«Жасыл ел» аймақтық штабының командирі Русана Самекованың айтуынша, 18-29 жастағы қыз-жігіттер әлеуметтік нысандардың аумағын абаттандыру, жөндеу, көшелерді жөндеу, қалыпқа келтіру, құрылыс жұмыстарына тартылады. 

Кезекті, 18-ші еңбек маусымында 120 желілік отряд құрылды. Жасақтар облысымыздың қала-аудандарында жұмыс істейді. Кей жасақтарға сұраныс жоғарылап, іріктеу жүргізуге тура келді. Олар абаттандыру, құрылыс, экология, волонтерлік, педагогикалық, шығармашылық бағыттар бойынша еңбек етеді. Сонымен қатар, облыс және аудан орталықтарын көгалдандыруға кіріседі. Биыл жазғы лагерьлерді жұмыс істейтін педагогикалық отрядтар жанданды. Археологиялық жасақтар да кезекті қазба жұмыстарын жүргізіп жатыр. Тарихи жаңалықтар күтеміз, - дейді Русана Самекова.

Екі мыңнан астам жас «Жасыл ел» қатарына қабылданды

Бір құрылыс отряды қазіргі уақытта Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті жатақханаларын жөндеп, айналасын абаттандырып жатыр. 

Жасақта 15 қыз-жігіт бар. Жастар еңбекқор. Көбі ауылдан келіп, жазғы уақытта ата-аналарына қаржылық ауыртпалық түсірмеу үшін жұмыс істеп жатыр. Біз 550 және 250 орындық жатақхананың бөлмелерін ақтап, тазартып жатырмыз. Сыртқындағы қоршауларды сырлап, кей аумақтарға кеспетас төсеп жатырмыз. Бүлінген, сынған жерлер болса, қалпына келтіреміз. Әр сарбаз 60 мың теңге көлемінде жалақы алады. Құрылыс отрядтарының жастары әрі университет студенттері жатақханада тегін тұрі мүмкіндігіне ие, - дейді құрылыс жасағының командирі Арайлы Сүндет. 

Айта кетейік, Ертіс өңірінің «Жасыл ел» штабы елімізде үздік құрылымдардың бірі. Жыл сайын жасақ құрамындағы жастар үздік нәтиже көрсетіп, қатарластарының алдынан шығуда. Биыл да алға қойған мақсаттарын мүдірмей орындауға ниетті. 

Өзгелердің жаңалығы