Екі күнде қар құрсауынан 1426 азамат құтқарылды - жаңа ТЖМ министрі

9 Ақпан 2024, 17:40
401
Бөлісу:
Екі күнде қар құрсауынан 1426 азамат құтқарылды - жаңа ТЖМ министрі
Фото: ОКҚ

Бұл туралы Орталық коммуникациялар алаңында өткен брифинг барысында Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның айтуынша, ел өңірлерінде басшылығымен жедел штабтар жұмыс істейді. Оларға министрліктің республикалық штабы басшылық етеді.

Еліміздің 13 өңірінде республикалық және облыстық маңызы бар автожолдарда блок-бекеттер қойылып, көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс шектелді. Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Павлодар және Ұлытау облыстарының уақытша орналастыру пункттерінде 1 107 адам бар. Жалпы, 7-9 ақпан аралығында республика бойынша құтқару бөлімшелері қар құрсауынан 1426 азаматты құтқарып, эвакуациялады және 64 көлік құралын алып шықты, - деді министр.

Өзгелердің жаңалығы