Екі өңірде бірінші ауысымдағы сабақтар тоқтатылды

12 Ақпан 2020, 09:09
1244
Бөлісу:
Екі өңірде бірінші ауысымдағы сабақтар тоқтатылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ауа райының қолайсыздығына байланысты екі өңірде бірінші ауысым үшін сабақ болмайды.

Атап айтқанда, Шығыс Қазақстан облысының Өскемен (-28 градус аяз) мен Семей қалаларында (-23 градус аяз), Алтай, (-30 аяз) Бородулиха (-32 аяз) және Ұлан (-28 аяз) аудандарында, Курчатов қаласында (-23 аяз), сондай-ақ Жарма ауданының (-30 аяз) Жаңғызтөбе, Шуақ және Жарық ауылдарында 1-4 сынып аралығында сабақтар болмайды. Ал Шемонаиха, (-27 градус аяз), Көкпекті (-30 аяз), Бесқарағай (-28 аяз) аудандарында және Риддер қаласында (-27 аяз) 1-9 сынып оқушылары мектепке бармайды. Зайсан ауданында көктайғаққа байланысты 1-11 сыныптар үшін оқу процесі тоқтатылды.

Сондай-ақ Қарағанды облысының Шет ауданында 0-4 сыныптар оқымайды.


Өзгелердің жаңалығы