Екі елдің ғылым академиясы меморандумға қол қойды

22 Қыркүйек 2023, 19:46
811
Бөлісу:
Екі елдің ғылым академиясы меморандумға қол қойды
Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі

Ригада VI халықаралық экономикалық форум өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап.

Форум аясында Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы ұлттық ғылым академиясының президенті Күнсұлу Дальтонқызы Закария мен Латвия ғылым академиясының президенті Иварс Калвиньш өзара меморандумға қол қойды.

Келісімнің басты мақсаты – энергетика саласы, адам денсаулығы, азық-түлік сапасы мен қауіпсіздігі және басқа да маңызды салаларға ерекше назар аударылатыны айқындалды. 

Белгілі ғалым Күнсұлу Дальтонқызы, Қазақстан табиғи ресурстарға бай және қарқынды дамып келе жатқан мемлекет. Латвия өз кезегінде фармакология мен медицина саласында үлкен жетістіктерге ие. Бұл ынтымақтастықтың өзара тиімді перспективасын қамтамасыз етіп, екі елдің ғылым саласының дамуы жаңа деңгейге көтерілетінін жеткізді. 

Өзгелердің жаңалығы