Екі елдің экономикалық ынтымақтастығы нығая түседі – президент

12 Маусым 2024, 16:21
596
Бөлісу:
Екі елдің экономикалық ынтымақтастығы нығая түседі – президент
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан-Корея бизнес форумында іс-шараның маңызды екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл өте маңызды іс-шара. Президент Юн Сок Ёль мырзаға зор ризашылығымды білдіремін. Сізбен бірге ірі бизнес өкілдерінің делегациясы келіп отыр. Мұны стратегиялық серіктестігіміздің айқын көрінісі деуге болады. Форум екі елдің экономикалық ынтымақтастығын нығайта түседі деп сенемін, - деді президент.

Мемлекет басшысы Корея Республикасы Қазақстанның бес ірі инвестициялық және сауда серіктестерінің бірі екенін атады.

Еліміздің экономикасына Кореядан келген тікелей инвестиция ағыны 10 миллиард долларға жуықтап, өзара тауар айналымы 6 миллиард долларға жетті. Бүгінгі таңда біздің нарықта 700-ден астам оңтүстіккореялық компаниялар ұсынылған, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ екі ел арасындағы экономикалық қарыс-қатынас барысында сенімді серіктес бола алатынын жеткізді.

Біз Оңтүстік Корея үшін тұрақты экономикалық даму үшін қажетті шикізат пен материалдарды жеткізетін сенімді серіктес бола аламыз. Біз жоғары құнды өнім өндірумен литий кен орындарын игеруге қызығушылық танытып отырған оңтүстіккореялық серіктестер Kigam және SK Ecoplant компанияларымен ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екенімізді білдіреміз, - деді Мемлекет басшысы.

Өзгелердің жаңалығы