Екі елдің ауыл шаруашылығы министрлері ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін талқылады

29 Қазан 2022, 15:26
783
Бөлісу:
Екі елдің ауыл шаруашылығы министрлері ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін талқылады
PHOTO

Қазақстан Қырғызстанмен мал шаруашылығы және өсімдік шаруашылығы салаларындағы ынтымақтастықты тереңдетуге мүдделі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Қазақстан Республиксының Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Қырғызстан Республикасының  Ауыл шаруашылығы министрі Асқарбек Жәнібековтің елімізге сапары аясында мәлімдеді. 

Қазақстанның Ауыл шаруашылығы министрлігі басшысының айтуынша, екі мемлекеттің мал шаруашылығында неғұрлым тығыз экономикалық кооперацияны жолға қою, АӨК өнімдерін өндіру мен өңдеуді бірлесіп дамыту, сондай-ақ генетикалық материал алмасуда және тұқым саудасын дамытуда үлкен перспективалары бар. 

Екі елдің ауыл шаруашылығы министрлері ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін талқылады

Біз Қырғызстанның тұқым нарығының қатысушыларына жаңа жоғары өнімді сұрыптардың тұқымдарын және жеміс-жидек дақылдарының отырғызу материалдарын өндіру және сату мәселесін қарастыруға дайынбыз. Сондай-ақ, ветеринария және фитосанитария, ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің генетикалық материалдарымен алмасу саласында өзара тиімді екіжақты ынтымақтастықты белсенді дамыту ниетіміз бар, - деді Ербол Қарашөкеев.

Сонымен қатар, тараптар агроөнімнің өзара сауда көлемін ұлғайтуды көздеп отыр. Атап айтқанда, Қазақстан ауыл шаруашылығы жануарларын әкетуге шектеулерді алып тастағаннан кейін, Ауыл шаруашылығы министрлігі асыл тұқымды малды, сондай-ақ асыл тұқымды материалды Қырғызстанға жеткізу мүмкіндігін пысықтауға дайын. 

Айта кетейік, Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің тауар айналымы 2022 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша 9%-ға өсіп, 159,9 млн. теңгені құрады. Қазақстан негізінен жұмыртқа, сүт өнімдері, ұн, макарон өнімдері, шоколад және кондитерлік өнімдер экспорттайды. Ал Қырғызстаннан сүт өнімдері мен алкогольсіз сусындарды импорттайды. 

Елімізге сапары аясында министр Асқарбек Жәнібеков  Алматыдағы бірнеше шаруа қожалықтарына барып, өндірістік процестермен танысты.

Өзгелердің жаңалығы