Екі айда қазақстандықтар өмірін сақтандыруға 47 миллиард теңге салды

8 Сәуір 2022, 16:55
1744
Бөлісу:
Екі айда қазақстандықтар өмірін сақтандыруға 47 миллиард теңге салды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда өмірді сақтандыру нарығы танымалдыққа ие болып жатыр. 2018 жылға дейін өмірді сақтандыру компанияларының жылдық сыйлықақыларының түсімі 100 млрд теңгеден аспаса, 2019 жылдан бастап жағдай күрт өзгерді. 

Секторда жиналған сыйлықақылар 2019 жылы 55,7%-ға, 2020 жылы 16%-ға және 2021 жылы рекордтық 66%-ға өскенін көрсетті. Ал биыл қаңтар-ақпан қорытындылары бойынша өмірді сақтандыру компаниялары жинаған сыйлықақылардың көлемі 47,7 млрд теңге болған.

Мамандар мұны халықтың қаржылық сауатының өсуімен, азаматтардың болашағына алаңдаушылығының артуымен және нарықта жаңа өнімдердің пайда болуымен байланыстырып отыр. Бұрын заңнамалық талаптарға байланысты өмірді сақтандыру компаниялары қызметі шектелген болатын, бірақ қазір секторда жаңа мүмкіндіктер ашылды.

Өзгелердің жаңалығы