Екі әскери қызметші Олимпиада ойындарына жолдама алды

27 Мамыр 2021, 20:33
2747
Бөлісу:
Екі әскери қызметші Олимпиада ойындарына жолдама алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Армиялық орталық спорт клубының спортшы-нұсқаушылары Амман қаласында өткен таеквондодан (WT) Азия біліктілік турнирінде сәтті өнер көрсетіп, Токио Олимпиадасына жолдама алды. 

Біліктілік турнирінің ережелері бойынша тек финалға шыққандар ғана Жазғы олимпиада ойындарына лицензия алады.

Лейтенант Руслан Жапаров 80 келіден жоғары салмақ дәрежесінде ирандық спортшы Әмір Әли Акбарды басымдықпен жеңіп, финалға және Олимпиадаға алды.

Осыған дейін турнирдің жартылай финалында армиялық спортшы Дениз Джансель 67 келіден жоғары салмақ дәрежесінде Тәжікстаннан келген қарсыласын жеңіп, аңсаған жолдамаға ие болды.

Біздің спортшылар кезекті рет жоғары дайындық деңгейін көрсете отырып, өздерінің шеберлігі мен кәсіпқойлығын дәлелдеді. Әскери қызметшілердің табысты өнер көрсетулерінің арқасында Қазақстан Қарулы Күштерінің белсенділері Токиода өтетін жазғы Олимпиада ойындарына қатысуға 17 жолдама (оған қоса бес үміткер) бар, – деді Қорғаныс министрлігі Орталық спорт клубы төрағасының орынбасары – Штаттық командаларды даярлау орталығының бастығы майор Әнуар Үсенов.

 



Өзгелердің жаңалығы