Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Гендерлік теңдік – Қазақстанның тек әлеуметтік қана емес, сонымен қатар экономикалық өмірінің өзекті тренді. Әйелдердің экономикаға ат салысуы мемлекеттің тұрақты дамып келе жатқанының, әрі әр адамға бірдей мүмкіндіктер беріліп отырғандығының айғағы. Бүгінгі күні Қазақстанның ШОБ-тің 43% үлесін әйелдер кәсіпкерлігі құрайтынын атап өтейік.
Осылайша, кәсіпкерліктегі әйелдерді қолдау - Еуразия қайта құру және даму банкі жұмысының басты стратегиялық басымгерлігі. Бұл мәселе қоғамдағы тек қана этика мен моральға қатысты емес екендігін MsKinsey зерттеулері көрсетуде: оған сүйенсек, әйелдердің ерлермен қатар экономикаға үлес қосуы 2025 жылға қарай әлемдік ЖІӨ-ге 28 триллион АҚШ долларын қосуы мүмкін, яғни 11-26%. Бұл ЖІӨ-нің Шығыс Еуропа мен Орталық Азияда 9%, ал Қиыр Шығыс пен Солтүстік Африкада 11% өседі дегеніміз. Алайда әйелдер және олар құрып, басқаратын компаниялар өз жұмысында көптеген қиыншылықтарға кездеседі. ЕҚҚДБ «Бизнестегі әйелдер» бағдарламасы әйел жетекшілерді қаржылай, қаржысыз тәсілдермен қолдай отырып, сол қиыншылықтарды шешуге көмектеседі.
Статистикаға жүгінсек, Қазақстандағы әйелдердің несие бойынша төлемді 90 күннен астам кешіктіруі ерлерге қарағанда аз. ЕҚҚДБ қаржыландыру дефицитін жергілікті банктер мен микроқаржы ұйымдарға әйелдік ШОБ арналған мақсаттық несие желілерін ашу арқылы шешіп келеді. Бүгінгі күні қазақстандық серіктес қаржы институттарына $86,5 миллион доллар бөлінген.
ЕҚҚДБ қаржылай емес қолдау құралдары ретінде кәсіпкер әйелдердің кәсіби сараптамаларға, бизнес-коучингке, оқуға, тәлімгерлікке қол жетімділігін қамтамасыз етеді. Бұндай оқытулар өз жемістерін әкелуде – Covid 2019 пандемиясына қарамастан тәлімгерлік бағдарламасының 50 қатысушысы франшизаларын сатуға, жаңа нарықтарды игеруге, жаңа өнімдер шығаруға мүмкіндік алды. Алайда пандемияның жағымсыз экономикалық әсері гендерлік жағынан ортақ деп айтуға болмайды: Қазақстанның түрлі аймақтарындағы 800 микро, шағын және орта кәсіпорындары арасында өткізілген сұрақнама нәтижесінде карантин кезінде әйелдер кәсіпорындарының 75% табыс қысқарған, ал ерлер басқарған компанияларда бұл көрсеткіш - 60%, әйелдік ШОБ жұмыс орындарының қысқаруы орташа есеппен 12 адамнан 9 адамға дейін.ЕҚҚДБ Гендерлік инклюзивтілік бойынша стратегиясына сәйкес біз қазақстандық кәсіпкер-әйелдерді «Бизнестегі әйелдер» бағдарламасы аясында қолдаймыз және бүгінгі күнге дейін әйелдер басқаратын компаниялармен 300-ден астам кеңестік жобаны жүзеге асырдық. Оған қоса жыл сайын 1000-нан астам қыз-келіншек кәсіпкерлерді және жетекшілерді түрлі тренинг, бағдарламалар көмегімен оқытып келеміз, - дейді Қазақстандағы Еуропа қайта құру және даму банкінің шағын және орта бизнесті қолдау бағдарламасының менеджері Алма Қасымова.
Сонымен қатар ЕҚҚДБ әйел-кәсіпкер басқаратын отбасылық бизнесті қолдайды – бұл ретте кәсіпорынды басқару мәселелерін шешуге көмектеседі.
Қазіргі кезеңге дейін ЕҚҚДБ әйелдердің экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту үшін 1,5 миллиард еуро қаржы құйған. Банктің құрылған кезінен бастап гендерлік теңдік пен инклюзияны қолдау бағытында 350 астам жоба жұмыс істеуде. Оған қоса 2021 жылы ЕҚҚДБ және «БҰҰ Әйелдер» коронодағдарыстың әйелдерге тигізген салдарымен біріге күресуге бел буғандарын атап өткен жөн. Бірлескен жұмыстың басты назарында цифрлық трансформация, жасыл жобалар және әйелдердің экономикаға қызығушылығын арттыру болмақ.Зерттеулер бүгінгі отбасылық бизнестің жетекшілерінің 70% ұрпаққа мұра ету жоспары жоқ екендігін анықтады, отбасылық кәсіпорындардың 30% ғана келесі ұрпақтың басқаруына өту кезеңін аман-есен бастан кешеді. Осы ретте басты мәселелердің бірі отбасылық компанияларға инновациялар және цифрландырумен қатар, қажетті білім мен мүмкіндіктерге қол жетімділікті қамтамасыз ету керек. ReStart аясында біз қазақстандық отбасылық компанияларға жемісті болашағын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін неғұрлым пайдалы білім беруге тырысамыз, - дейді Алма Қасымова.
ЕҚҚДБ басқарушы әйелдерді қолдау аясында отбасылық бизнесті басқарудағы әйелдердің рөлі тақырыбына арналған ReStart 2.0 оқыту жобасының екінші маусымын бастады. Оқыту жобасының бағалығы оның спикерлерімен сарапшыларына тікелей байланысты: олардың арасында заңгерлер, коучтар, қаржы кеңесшілері ғана емес, оған қоса өзінің тәжірибесімен бөлісуге дайын көшбасшы әйел-кәсіпкерлер де бар. «Отбасылық бизнес басқаруындағы әйелдер» курсының негізгі мақсаты тыңдаушыларына олардың компаниялары жемісті жұмыс істеуін қамтамасыз ететін түрлі құралдармен қамтамасыз ету.