ЕҚДБ әйелдер кәсіпкерлігін қалай қолдап жатыр?

13 Қараша 2020, 12:52
1849
Бөлісу:
ЕҚДБ әйелдер кәсіпкерлігін қалай қолдап жатыр?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Еуропа қайта құру және даму банкі Орталық Азия және Моңғолия аймағы бойынша ШОБ дамыту және қаржыландыру департаментінің басшысы Нодира Мансурова «Ауыл әйелдерінің ауылдағы өмір сапасын арттыру бағытындағы игі бастамалары және ТДМ-2030 жетістіктері» атты ауыл әйелдерінің III республикалық форумы барысында айтты.

Біз үшін гендерлік теңдік пен инклюзивтілік басты басымдықтардың бірі болып есептеледі. Біз Ұлттық комиссиямен бірігіп, әйелдердің құқығын арттыру бойынша іс-шараларды жүзеге асырдық. 2016 жылы ЕҚДБ гендерлік теңдік туралы стратегияны жасақтады, ол әйел мен еркек арасындағы құқықтың тең болуына бағытталған. 2017 жылы банк экономикалық инклюзивтілік мәселесін көтерді, - деді ол.  

Мансурова айтып өткендей, банк әйелдерге «Бизнестегі әйелдер» бағдарламасы арқылы қолдау көрсетіп отыр.

Бағдарлама асяындағы жасалған жұмыстардың тиімділігі нәтижесінде биыл біз бағдарламаны тағы 5 жылға ұзарттық. Осылайша, біз әйелдер басқарып отырған кәсіпкерліктерге қолдау көрсетуді жалғастыратын боламыз. Пандемия кезінде де онлайн іс-шаралар өткізіп, бизнесте проблемалары болған әйелдерді қолдауға тырыстық, - деді ол.  

Мансурова атағандай, кәсібилікті тұрақты түрде ұйымдастырылатын семинарлар арқылы да арттыруға болады. 

 

 

Антитехнология мен қаржы саласындағы біліктілікті арттырамыз. Себебі бұл салалардың күрделі әрі қиын екені пандемия кезінде белгілі болды, - деді ол.


 

Өзгелердің жаңалығы