Екатеринбургте Қазақстандағы заманауи реформалардың негізгі бағыттары талқыланды

17 Қыркүйек 2023, 01:42
768
Бөлісу:
Екатеринбургте Қазақстандағы заманауи реформалардың негізгі бағыттары талқыланды
Фото: Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі

«Ельцин-центр» мәдени орталығының алаңында Қазақстанның бас консулдығы Свердлов облысының Шағын және орта бизнес одағының қолдауымен Қазақстандағы заманауи реформаларды талқылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сыртқы саяси ведомство таратқан мәліметке сәйкес, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауына арналған «Шағын және орта бизнес саласындағы қазақстан-ресейлік инвестициялық ынтымақтастығының жаңа мүмкіндіктері» атты дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға Свердлов облысы, Пермь, Челябі және Төмен қалаларынан келген шағын және орта бизнес өкілдері қатысты. Қазақстан тарапынан Kazakh Invest, Kazakh Tourism, «Астана» Халықаралық қаржы орталығы, Kazakh Export ұлттық компанияларының өкілдері шақырылды.

ҚР Бас консулы Жарас Мамутбеков өз сөзінде Қазақстанда жүргізіліп жатқан заманауи реформалардың негізгі бағыттары туралы айтып берді. Атап айтқанда, Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауының мазмұндылығын атап өтті. Жолдауды іске асыру қазақстан-ресейлік іскерлік ынтымақтастығын ілгерілетуге оң әсер етуі мүмкін деген үмітін білдірді.

Қазақстанның ұлттық компанияларының өкілдері қатысушыларға Қазақстанның басшылығы тарапы экономиканың, инвестициялық саясаттың, преференциялардың дамуын қамтамасыз ету үшін қабылдап жатқан қадамдары туралы айтып берді.

Қатысушылардың пікірінше, танымдық және нәтижелі пікір алмасу болды. Урал федералды округінің өңірлік бизнес өкілдері алғаш рет қазақстандық тараппен тікелей қарым-қатынас жасау мүмкіндігіне ие болғанын атап өтті. Ынтымақтастықтың осындай форматын жалғастыруға үміт білдірді.

Ж. Мамутбеков ҚР-дың Екатеринбургтегі Бас консулдығы шағын және орта бизнестің өзекті мәселелері бойынша сапалы Қазақстан-Ресей диалогын құру үшін тұрақты жұмыс істейтін алаң жасауға қажетті күш-жігер жұмсайтынына сенім білдірді.

Өзгелердің жаңалығы