ЕХРО 2020 Dubai несімен есте қалды?

4 Сәуір 2022, 13:55
3704
Бөлісу:
ЕХРО 2020 Dubai несімен есте қалды?
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дубай шаһарында өткен ЕХРО 2020 Dubai көрмесі несімен есте қалды? Қазақстандықтар неліктен 4 миллион доллардан бас тартты? Бұл туралы Baigenews.kz хабарлады.   

Халықаралық ЕХРО көрмесі – өткізуші ел үшін де, іс-шараның қатысушылары үшін де ауқымды имидждік іс-шара. Осы жерде біреу үшін имидж – бәрі болса, біреулерге көзге түсіп қалу қажет, ал енді біріне туристерді тарту маңызды, тағы біріне бизнестегі қарым-қатынастарын ретке келтіріп алу маңызды екендігі көзге көрініп тұр. Бірақ Дубай туристерден шеткері қалған жер емес екендігін мойындауымыз керек. Себебі осы жарты жыл ішінде әсем қалаға бүкіл дүние жүзінен ат басын тіреген бизнесмендері мен саяхатшыларының легі толастамады. Бүкіл жыл бойына жоспарланған іс-шараларды өткізуге өз ережесін енгізіп қойған пандемияны да естен шығармаған жөн. Тіпті, оның өзі туристерге кедергі бола алмады, бетпердемен келсе де, ковидке дейінгі кездегідей емін-еркін қыдырғысы келген жандарға көрме саяхатқа шығуға таптырмас мүмкіндік еді. Көрме қалай аяқталды? Қазақстан несімен есте қалды? Неліктен біз бас жүлде үшін бәсекеде Германияға есе жіберіп алдық? 

Рекордтар, сыйлықтар мен тонналаған бауырсақтар 

Қазақстан павильоны көрмеде 192 елдің арасынан «Көрме тақырыбын ашу» атты негізгі аталымда екінші орынды иеленді. Сондай-ақ ел қоржынында «Үздік таныстырылым» аталымында бірінші орын және халықаралық Exhibitor Magazine журналының нұсқасы бойынша «Үздік павильон» аталымында үшінші орын бар. 

Дубайдағы ЭКСПО Қазақстанның астанасында өткен ЭКСПО-дан өзгеше. Бәрінен бұрын, ауқымы жағынан басқаша. Егер Нұр-Сұлтанда келушілерде бірнеше күн ішінде бүкіл көрмені аралап шығу мүмкіндігі болса, онда бұл жерде, әсіресе көрменің соңғы күндерінде, мүмкін емес.

ЕХРО 2020 Dubai несімен есте қалды?

Барлық жерде ұзын-сонар кезек. Мысалы, Германия павильонына кіру үшін алты сағаттан кем емес уақытыңыз кетеді. Жапонияға да солай. Сонымен қатар егер көптеген павильондарда екі кезек болса: жылдам (онлайн брондау кезінде) және «кім тұрса, сол алатын» кезек болса, Жапонияда тек біреуі бар, ол – онлайн брондау арқылы. Тіпті, бұл жағдайда да сағаттап тұруға тура келеді. Келушілер бірнеше күн, апта мен айлар бұрын тапсырыс береді.

ЕХРО 2020 Dubai несімен есте қалды?

Яғни ЭКСПО-ға келген алғашқы күні турист шамамен екі-үш павильонды аралап үлгереді, егер жолыңыз болса, төрт-бес павильонға кіріп-шығуға болады (және олардың барлығы 192 елдікі ғана емес, Lays, Pepsi және т.б. сияқты ірі компаниялардың өз павильондары бар). Әрине, уақытыңызды босқа өткізбей, экспозициялардың бәріне кіруге үлгергіңіз келетіні айтпаса да түсінікті. Бұл тұрғыда «ұзынқұлақ» өте жақсы жұмыс істейді, онда қазақстандық павильон – ең алдымен тамашалауға кеңес берілетіндердің бірі. 

Қазақстандық павильонның басқа павильондарға қарағанда басты артықшылығы – келушілер кезекте тұрып көңіл көтерді. Егер басқа павильондарда күту – қонақтардың өз мәселесі болса, мұнда біздің адамдарды көшеде қарсы алып, қазақстандық мәдениетпен, орындаушылармен, билермен, классикалық және заманауи музыкамен таныстырды. Жалпы, ешкімнің зерігуіне жол берілген жоқ. 

ЕХРО 2020 Dubai несімен есте қалды?
ЕХРО 2020 Dubai несімен есте қалды?

Айта кету керек, қазақстандық әртістер жинап, айналасында кезек күткендерді ғана емес, өтіп бара жатқандардың да көңілінен шығуға тырысты. 

Менің ойымша, ел үшін туристерді тартуға қатысты мультипликативті әсер жоғары етеді, өйткені бұл бірінші рет келіп, павильонды көзімен көрген көптеген шетелдіктер үшін аса маңызды. Біздің мемлекетіміз өте қызықты. Біз бүкіл мәдениетіміз, жеріміздегі байлығымызды, Қазақстанның өзіндік ландшафттарының бірегейлігін барынша көрсетуге тырыстық. Еліміздің экономикалық және инвестициялық мүмкіндіктері де назарға алынды, - деп атап өтті QazExpoCongress АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Дәулет Еркімбаев.

Бірақ қазақстандық тарап павильонмен ғана ерекшеленген жоқ. World Painting жаһандық арт-жобасы Гиннестің рекордтар кітабына енді. Картинаны жазуға 2020 адам қатысты. Көрме бойы тілек білдірушілер World Painting кенептерінде өз іздерін қалдырды.  

ЕХРО 2020 Dubai несімен есте қалды?

Қылқаламмен алғашқы жазбаны велошабандоз Александр Винокуров жасады. EXPO 2020 DUBAI жабылатын соңғы күні келесі дүниежүзілік ЕХРО көрмесі өтетін Жапониядан келген Minami Ichihara жазба қалдырды.   

Картинада өз ізін қалдырған әлемдік жұлдыздардың қатарына Димаш Құдайберген (оның штрих нөмірі 2001), 2022 жылғы «Оскар» иегері, америкалық актер әрі композитор Риз Ахмед, Blue тобының солисі Саймон Уэбб қосылды.

ЕХРО 2020 Dubai несімен есте қалды?

Айта кетерлігі, осы көрініс үшін жоба авторы Дәуіт Шайхисламовқа 1500 эфириум ұсынылыпты, бұл төрт миллион АҚШ долларынан астам сомаға тең. Алайда, «Әлем картинасын» жасаушылар оны сатуға әлі асықпайды. Олар қазір әлем мұражайларымен келіссөздер жүргізіп жатқанын және шақырулар қабылданғанын атап өтті. Мүмкін, арт-жобаның жақын арада өзінің гастрольдік кестесі болады.

ЕХРО 2020 Dubai несімен есте қалды?

Әрине, мұндай көрмелерде адамдар үшін тек көріністер ғана емес, нан да маңызды. Қазақстандық павильонда келушілердің көңілінен шығатын ұлттық мейрамхана жұмыс істеді. Бас аспазшы Артем бауырсақты килограммен және тоннамен санаудың шегі жоқ екенін айтты, бірақ күніне 10 000 данадан астам пісіріп, сатқан.

ЕХРО 2020 Dubai несімен есте қалды?

Ең бастысы, аспазшы атап өткендей, келушілерге жылқы еті ұнаған. Айтпақшы, мейрамханаға арналған өнімдер Қазақстаннан әкелініпті.

ЕХРО 2020 Dubai несімен есте қалды?

Маған жылқы еті ұнады деген жаңалық болды. БАӘ-де жылқысүйер қауымның құпия қоғамы құрылды. Біз өте жағымды пікірлер алдық. Мен көрмеде жылқы етін пайдалану Қазақстанда жарты жыл бойы мейрамханалар тұтынатын мөлшерде әлдеқайда көп екенін айта аламын, - дейді Артем Канцев.

Мейрамханадағы мәзір 80%-ы дәстүрлі тағамдар болса, 20%-ы - авторлық тағамдар. Артем Канцев мәзірді құру кезінде қазақстандық павильонның тақырыбынан шабыт алғанын өзінше түсіндіреді. Мысалы, павильонның бір жерінде даланың – жусанның иісін сезуге болады.

Көрмеде Наурыз мерекесі ерекше аталып өтілді. Бұл күні келушілерге 100 литрден астам наурыз көже таратылды. 

Ең үздік павильон  EXPO 2020 Dubai көрмесінде тағы да несімен есте қалды?

Германия үздік павильон атағын алды. Ол біздің басты бәсекелесіміз болды. Айта кету керек, бұл ел, негізінен, осындай іс-шаралардың көшбасшысы болып табылады және құрметті марапатты иеленіп отырғандары алғаш рет емес.

Неміс павильонына кіргенде, мұнда келушілерді не қызықтыратыны анық болады. Табалдырықтан өткен соң кез келген ересек адам бассейнде шарлармен шомылып, бала сияқты сезіне алады. Содан кейін тағы бірнеше қабат бар, онда қонақтар көрме экспонаттарымен таныса алады: бұл жер – балалар үшін жұмақ дерсің! Экскурсия соңында қонақтар түрлі-түсті және жарқын шоудың куәсі болады, тіпті, келушілер өздері осы қойылымның бір бөлшегіне айналады. 

Көрмедегі аудио-визуалды жарқ-жұрқ еткен дүниелер үлкен рөл атқарады. Сондықтан көптеген елдер бұл үшін күш, қаражаттарын аяған жоқ. 

БАӘ бейтарап ұстанымға ие болғанымен, халықаралық күн тәртібі көрмеге әсер етпей қоймады. Украина павильонына келушілер қолдау сөздерін айту үшін көбірек келеді.

Ығы-жығы тірескен адамдар, мыңдаған литр кофе мен алкогольсіз сусын, тонна тамақ. Осы сипаттағы көрмелер туристер үшін нағыз ойын-сауық болып табылады. Бұл жер тик-токерлер үшін (әр адым сайын жастардың топтасып ең танымал әлеуметтік желі үшін келесі бейнені қалай түсіріп жатқанын көруге болады) және қыдыруды жаны сүйетіндер үшін ғана емес, сонымен қатар отбасылық демалыс үшін де жер жәннаты! 

Көрменің тағы бір ең керемет сәттерінің бірі – алты ай бойы жалғасқан әлемдік жұлдыздардың концерттері. EXPO 2020 DUBAI-дың жұлдызды кештерінің нүктесін Кристина Агилера қойды. 

Идеялар, жалғасы бар...

Дубай дүниежүзілік көрмені өткізу құқығын жеңіп алған кезде, оның билеушісі бүкіл әлемді таң қалдыруға уәде берді. Ол сөзінде тұрды. 

182 күн... 192 мемлекет... миллиондаған келушілер... ЕХРО-ны шығарып салудамыз. Біз ең үлкен оқиға үшін әлемнің басын қостық... адамзат үшін ең қиын уақытта... EXPO барлық басылымдарының ішіндегі ең әдемісі. Біз уәде бердік және орындадық. Біз не істейтінімізді айтамыз және айтқанымызды орындаймыз. Үлкен істер әлі алда, Құдай сол күнге жеткізсін. Дубай көрмесін ұйымдастырушылар қойылған міндетті орындап, оған 23 миллионнан астам келушілерді тарта алды, - деп жазды Дубай билеушісі, БАӘ вице-президенті және премьер-министрі Мұхаммед бен Рашид Әл Мактум Twitter-дегі парақшасында. 

Кешегі күн көрменің барлық қызметкерлері үшін ерекше болды. Ол соңғы болғандықтан да емес, өйткені жаңа тәжірибе, жаңа таныстар және жаңа байланыстар. Әрбір ауысым іс жүзінде әрбір павильонда өзінің соңғы экскурсиясын өзінің соңғы келушілерінің ыстық ықыласына бөленді. Содан кейін әріптестермен құшақтасып, алғыс сөздер айту, қимастыққа толы қоштасу.

EXPO халықаралық көрмесінде Қазақстанды таныстыру біз үшін үлкен құрмет болды. Әрбір бастан кешкен сөзбен айтып жеткізе алмайтын әсер, эмоция, үлкен тәжірибе. Біз бұл мүмкіндікке ризамыз, елге ризашылығымызды білдіреміз, бұл бізге кішкентай болса да, EXPO-ға қатысуға өз үлесімізді қосуға мүмкіндік берді. Жанымыз ән салады, баршаға рахмет, үйімізді де сағындық. Осы алты ай көзді ашып-жұмғанша өте шықты, бұл біз үшін жағымды естелік болып қала береді. Біз басқа адамдарға елімізді тануға көмектескеніміз қуаныштымыз, - дейді қазақстандық павильонның супервайзері Азат Тайжан.   

Көрменің қорытындысы шығарылды. Дубайдағы EXPO 2020 көрмесіне 23 миллион адам келген. Құрылысқа жеті миллиард доллардан астам қаражат жұмсалды. Дайындыққа 240 миллион сағат кетті. Қазақстандық павильонға 1,6 миллион адам келді. Жарты жыл ішінде мұнда 51 іскерлік және мәдени іс-шара ұйымдастырылып, өткізілді, оның барысында сауда-экономикалық ынтымақтастық саласында 16 меморандум жасалды.

Енді көкжиекте тағы бір сұрақ туындайды: қазақстандық павильонмен не істеу керек. Әзірге жауап жоқ, бірақ нұсқалары бар. Олардың бірі – экспозициялардың бір бөлігін «Нұр-Әлем» сферасына көшіру, екіншісі – Дубайда қалдыру. 

Үлкен қаражатты ескере отырып, оны бөлшектеу өте өкінішті. Қазір біз түрлі салалық министрліктермен алдағы уақытта павильон Қазақстанның пайдасына қызмет етуі үшін бірнеше мәселені пысықтап жатырмыз. EXPO-2017 өткізілгеннен кейін Халықаралық көрмелер бюросы қысқа мерзімде қазіргі аумаққа өмірлік серпін бере алғанымызды жоғары бағалады, ол қазір 90%-ға пайдаланылуда. БАӘ-де жоспарлар біздікіне ұқсас. Көрме аяқталғаннан кейін қайта құру жұмыстары басталады. Бұл Дубайдағы жаңа тарту нүктесі болады. Осыған байланысты Қазақстанның павильоны еліміздің экономикасы үшін халықаралық нарықта негізгі рөл атқаруы мүмкін, - деп есептейді QazExpoCongress АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Дәулет Еркімбаев.

Келесі ЕХРО 2025 көрмесі Жапонияның Осака қаласында өтеді.  

Өзгелердің жаңалығы