Egov.kz порталы уақытша жұмыс істемейді

8 Сәуір 2023, 21:40
1242
Бөлісу:
Egov.kz порталы уақытша жұмыс істемейді
Фото: paryz.k

Техникалық жұмыстарға байланысты электронды үкіметтің веб-порталындағы қызметтер уақытша қолжетімсіз болуы мүмкін. Бұл туралы Egov.kz әлеуметтік желілердегі парақшасынан белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

8 сәуір сағат 21:00-ден 9 сәуір таңғы 06:00-ге дейін порталда техникалық жұмыстар жүргізіледі. Осы уақытта электронды үкімет ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ сүйемелдейтін ақпараттық жүйелер уақытша қолжетімсіз болуы мүмкін, – делінген Egov.kz порталының Іnstagram-дағы ресми парақшасында жарияланған хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы