eGov порталы уақытша жұмыс істемейді

4 Ақпан 2024, 01:18
572
Бөлісу:
eGov порталы уақытша жұмыс істемейді
Фото: Артём Чурсинов -архив

eGov порталының кейбір қызметтері уақытша қолжетімсіз болуы мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы электрондық үкімет порталының ресми Telegram-арнасында белгілі болды.

«ҰАТ» АҚ қызметтер мен жобаларды жетілдіруді жоспарлап отыр.

Құрметті пайдаланушылар! Біз өз қызметтеріміз бен жобаларымызды үнемі жетілдіріп отырамыз. Тұрақты жаңартулар қызметтер мен жобаларды сізге ыңғайлы етуге көмектеседі. Осыған байланысты, 2024 жылғы 3 ақпан сағат 21:00-ден 2024 жылғы 4 ақпан сағат 08:00-ге дейін «ҰАТ» АҚ сүйемелдейтін жобалар уақытша қолжетімсіз болуы мүмкін, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы