ЕGov Mobile қосымшасынан нотариус кеңесін алуға болады

3 Маусым 2023, 07:21
634
Бөлісу:
ЕGov Mobile қосымшасынан нотариус кеңесін алуға болады
Фото: Артём Чурсинов

Әділет министрлігі Республикалық нотариаттық палатамен бірлесіп eGov Mobile мобильді қосымшасында «Нотариаттық онлайн консультация» сервисін енгізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ҚР Әділет вице-министрі Бекболат Молдабековтың айтуынша, сервис білікті заңгерлік көмекке мұқтаж адамдар үшін тиімді құрал болмақ.

Онлайн-кеңес беру арқылы азаматтар үйден немесе кеңседен шықпай-ақ нотариаттық қызметке байланысты құқықтық сұрақтарға жауап ала алады. Нотариустар кез-келген сұрақтарға жауап береді. Бұл уақытты үнемдеуге және уақтылы сенімді ақпарат алуға мүмкіндік береді, - деп атап өтті вице-министр.

Жобаның мақсаты - нотариаттық қызмет көрсетудің ыңғайлылығын, жеделдігі мен тиімділігін арттыру.

Қызметті алу үшін:

1. «eGov Mobile» қосымшасына кіру керек;

2. Е-нотариат бөлімінде «Онлайн кеңес алу» қызмет түрін таңдап, өтінімді толтыруыңыз қажет;

3. Кеңес алу үшін бейне қоңырау арқылы қажетті сұрағыңызды қоясыз;

4. Банктердің мобильді қосымшалары арқылы 1 АЕК мөлшерінде нотариустың қызметін төлеу керексіз.

Өзгелердің жаңалығы