Егіс науқаны үшін арзандатылған жанар-жағармай ұсындық – Ербол Қарашөкеев

7 Маусым 2022, 10:27
1626
Бөлісу:
Егіс науқаны үшін арзандатылған жанар-жағармай ұсындық – Ербол Қарашөкеев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев мәлімдеді. 

Оның айтуынша, елімзде 3,1 млн га майлы дақылдар (жоспар бойынша 3 094 мың га), 12,3 мың га қант қызылшасы (жоспар бойынша 11,1 мың га), 121,1 мың га мақта (жоспар бойынша 114,7 мың га) егіліп себу жұмыстары аяқталды. 

Жалпы егіс алқабы 23,1 млн гектар болды. Бұл былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 105 мың гектарға артық. Өндірісті әртараптандыруға және монокультурадан алшақтауға сәйкес, дәнді дақыл алқаптары 285,5 мың гектарға қысқарды. Басымдыққа ие дақылдардың өскені байқалады, мысалы, майлы дақылдар 24,9 мың гектарға, картоп 2,4 мың гектарға, көкөніс 1,7 мың гектарға және жем-шөп дақылдары 448,1 мың гектарға ұлғайды, - деп атап өтті министр.

Сондай-ақ ол егіс науқанын уақтылы жүргізу үшін арзандатылған жанар-жағармай, жеңілдетілген несие сынды барлық қажетті мемлекеттік қолдау шарасы қабылданғанын алға тартты. 

Биыл ақпан-маусым кезеңіне егіс жұмыстарын жүргізуге 400,2 мың тонна көлемінде дизель отыны бөлінді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 20 мың тоннаға артық. Жеткізу, сақтау және өткізу бойынша облыс операторларының шығыстарын ескере отырып, АШТӨ үшін орташа баға 200 теңге/литр. Автожанармай құю бекеттерінде баға 230-дан 260 теңге/литрге дейін екенін ескерсек, бұл орташа алғанда 15%-ға арзан, - деді ведомство басшысы. 

Сонымен қатар Ауыл шаруашылығы министрі биыл 7 маусымдағы жағдай бойынша жоспарда 400,2 мың тонна десек, 378,5 мың тонна дизель отынының құны төленіп, 359 мың тонна тиелгенін айтты. Отын бекітілген кестеге жеткізіледі деп отыр. 

Өзгелердің жаңалығы