Египеттегі қайғылы оқиға: Әуежайда қаза тапқан қазақстандық әйелдің мәйіті елге қашан жеткізіледі

21 Мамыр 2025, 12:19
706
Бөлісу:
 Telegram / Mash
Фото: Telegram / Mash

Шарм-эль-Шейх әуежайындағы қайғылы оқиғаға байланысты қазақстандық азаматшаның денесі бүгін, барлық қажетті процедуралар аяқталған соң, Қазақстанға жеткізіледі. Бұл туралы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров Мәжіліс кулуарында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мәйітті барлық қажетті процедура аяқталған соң, бүгін жеткізу жоспарланып отыр. Менің білуімше, шығынды Египет тарапы көтереді. Моральдық өтемақы мәселесі де шешімін тапты. Бұған қоса, қазақстандық сақтандыру компаниясы да іске қосылды, – деді Қуантыров.

Египетте қаза тапқан турист: соңғы жағдай

Шарм-эль-Шейх қаласындағы әуежайда болған қайғылы жағдайдан кейін Қазақстан Сыртқы істер министрлігі тиісті шараларды қабылдады. Министр орынбасарының айтуынша, оқиға орнында жеңіл жарақат алған екі қазақстандық азамат елге аман-есен оралған.

Египеттің азаматтық авиация министрі бұл мәселені жеке бақылауына алды. Оқиға болған күні арнайы тергеу комиссиясы құрылды. Қазақстанның Египеттегі консулдық қызметі де жан-жақты көмек көрсетіп жатыр, – деді Қуантыров.

Египеттегі туристік қауіпсіздік және сақтандыру мәселесі

Оқиға кезінде сақтандыру компаниясының көмегі де іске қосылған. Бұл шетелде демалатын қазақстандықтар үшін туристік сақтандырудың маңыздылығын тағы бір мәрте көрсетті. Египет тарапы моральдық және материалдық шығынды өтеуге әзір екенін білдіріп отыр.

Өзгелердің жаңалығы