Египетте Тутанхамон зираты жөндеуден өтті

25 Қаңтар 2019, 10:06
3316
Бөлісу:
Египетте Тутанхамон зираты жөндеуден өтті

Алматы, BAQ.KZ. Египетте онжылдық жөндеу жұмыстарынан кейін фараон Тутанхамонның зираты келушілер назарына ұсынылды.

Жөндеу жұмыстарын Лос-Анджелстің Гетти өнер бұйымдарын сақтау институты мен Египеттің көне заттар министрлігі бірігіп жасаған.

Жөндеу жұмыстары барысында 3 мың жыл бұрын қабырғаларға жазылған жазулар қайта қалпына келтірілген. Сондай-ақ мазар жаңа желдеткіш құралымен жабадықталған. Ауа сапасы мен температураны бақылап отыратын құралдар да қойылған. Ал Тутанхамонның мүрдесі шыны қорапта сақталады.

“Бұл ұлы өркениеттің мұрасын сақтау үшін маңызды шара”, - дейді египтологтар.

Жөндеу жұмысын жүргізушілер сонымен қатар зират қабырғасындағы құпияға толы қоңыр дақтарды да зерттеген. Белгілі болғандай ол уақыт өте келе бояудың беткі қабатын жауып қалған өсінділер екен. Жазуларды бүлдіріп алмас үшін оны сол қалпы қалдыруға тура келген.

Тутанхамон зиратын 1922 жылы британдық египтолог Горвард Картер тапқан. Ол кезде өзге фараондардың көбінің зираты тоналған еді, ал Тутанхамонның мазарына барар жол тас, топырақпен көміліп қалғандықтан аман сақталған.

Өзгелердің жаңалығы