Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Египетте туристік яхта өртеніп, 3 адам жоғалып кетті

12 Маусым 2023, 09:57
1170
Бөлісу:
 Бауыржан ЖУАСБАЕВ  - архив
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - архив

Египетте Қызыл теңіз жағалауында туристер мінген яхта өртенді, деп жазады BAQ.KZ.

Бұл туралы Reuters Қызыл теңіз мухафазасының губернаторы канцеляриясына сілтеме жасай отырып хабарлады.

Белгілі болғандай, 12 адам құтқарылды. Алайда үш британиялық туристтің жоғалып кеткені хабарланды. 

Яхтадағы өрт электр сымдарының тұйықталуынан болған. Зардап шеккендер Марс Шагрдағы дайвинг-курорт аумағындағы қауіпсіз жерге эвакуацияланды.

Reuters мәліметінше, Ұлыбританияның сыртқы істер министрлігі жоғалып кеткен британиялықтарды іздестіру жөнінде жергілікті билікпен келіссөз жүргізіп жатқанын мәлімдеді.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Мысырда 23 жастағы ер адам акула құрбаны болды.

Өзгелердің жаңалығы