Ресейлік азаматты жеп қойған акуланы мысырлықтар аулап алды

9 Маусым 2023, 14:45
5725
Бөлісу:
Ресейлік азаматты жеп қойған акуланы мысырлықтар аулап алды
Фото: Pixaby.com

Мысырда 23 жастағы ер адамды акула жеп қойды, деп жазады BAQ.KZ

Оқиға 8 маусымда Хургада қаласындағы жағалауда болған.

Ер адам суда дос қызымен бірге шомылып жүрген. Қыз қашып үлгерген. Жергілікті тұрғындар көмектеспекші болған, алайда тым кеш болды. Кейінен оның Ресей азаматы екені анықталды.

Әлеуметтік желіде мысырлықтардың теңіз жағалауында жүрген жыртқышты ұстап алғаны туралы видео тарады. Бұл әрекет қауіптің алдын алу үшін жасалған.

Өзгелердің жаңалығы