Египетте музейде өзіңді "дұрыс ұстамасаң" айыппұл төлейсің

10 Ақпан 2020, 21:01
1626
Бөлісу:
Египетте музейде өзіңді "дұрыс ұстамасаң" айыппұл төлейсің

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәдениет ескерткіштері мен археологиялық нысандардың территориясына кіріп кеткендер де жазаға тартылады.

Египет билігі музейлерде өзін "дұрыс ұстамаған" және архитектуралық ескерткіштерді бүлдіргендердің жазасын қатаңдатты. Ел парламенті заңнамаға тиісті өзгерістер енгізді. Бұл туралы Египет Мәдениет министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Кімде-кім мәдени нысандардың үстіне (мысалы, пирамиданың) шығып кетсе немесе басқа да бұзақылық жасаса, 100 мың египет фунтқа дейін (шамамен 6,3 мың доллар) ақшалай айыппұл төлейді, - делінген хабарламада.

Тарихи экспонаттар мен заттарды тиісті ресми құжатсыз сатқандардың айыппұлы 10 миллион фунтқа дейін (630 мың долларға дейін) жоғарылайды. Кей жағдайда түрмеге де қамауы мүмкін.
Өзгелердің жаңалығы