Египетте 5 мың жыл бұрынғы тас табыт табылды

3 Сәуір 2019, 09:50
5128
Бөлісу:
Египетте 5 мың жыл бұрынғы тас табыт табылды

Алматы, BAQ.KZ. Археологтар Египеттің эль-Мануфия провинциясынан екі мумиясы бар тас табыт тапты. Бұл туралы РИА "Новости" хабарлады.  

Агенттік таратқан мәліметке сүйенсек, әктастан жасалған табыттардың ұзындығы – 2 метр, ал ені– 0,6 метр. Ол жер жұмыстарын жүргізу кезінде табылған. 

Ғалымдардың айтуынша, табыттағы мумиялар қатты бүлінген, дегенмен оларда алтыннан жасалған әшекейлердің бөліктері бар көрінеді. Мумияны ары қарай зерттеу үшін жергілікті музейге табыстаған. 

Ақпан айында ғалымдар Египеттен жалпы 40 мумия тапқан. Сүйектер бірнеше көне жерлеу камерасынан табылған. Ғалымдардың пайымдауынша, бұл сүйектер орта таптағы отбасыға тиесілі. Сондай-ақ, бұл отбасы мүшелері ежелгі Рим мен Византия тұсында өмір сүруі мүмкін.

Өзгелердің жаңалығы