Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Наурыз айының ортасынан бастап пандемияға байланысты жабылған Египеттің әйгілі пирамидалары туристер үшін қайта ашылды, деп хабарлайды Associated Press.
Ежелгі істер министрі Халед әл-Ананидің айтуынша, алдымен келушілер саны шектеулі болады. Елдің ең танымал археологиялық кешенінің аумағына тек ұйымдастырылған топтарға және алдын ала жазылу арқылы кіруге рұқсат.
Жергілікті мұражайлар да әлеуметтік қашықтық пен маска режимін сақтай отырып, шетелдіктерді қабылдауға дайын екендігін хабарлады. Көрме залдарында адамдардың көп жиналмауын қадағалайтын арнайы белгілер орнатылды.
Қыркүйек айының басындағы жағдай бойынша бұл елде коронавирус инфекциясын жұқтырған 100 мыңға жуық адам тіркелді, оның 5,4 мыңы қайтыс болған.