Егін науқаны. Қарағанды әкімі әр "құрғақ" күнді тиімді пайдалануды тапсырды

18 Қыркүйек 2023, 11:49
780
Бөлісу:
Егін науқаны. Қарағанды әкімі әр "құрғақ" күнді тиімді пайдалануды тапсырды
Фото: Қарағанды облысының әкімдігі

Қарағанды облысында егін жинау жалғасуда. Барлық жерде жүргізілетін жұмыстарды қыркүйектің бірінші онкүндігінде жауған жауын-шашын қиындатуда, деп хабарлайды BAQ.KZ облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астықтың жоғары ылғалдылығына байланысты бүгінгі күні оны кептіру мәселесі өзекті болып тұр. Аппараттық кеңесте егін жинау туралы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Саят Мусин баяндады.

Біз барлық астық кептіргіштерді барынша пайдаланудамыз. Олардың саны 48. Сондай-ақ кейбір шаруа қосымша кептіргіштер сатып алуда. 18 қыркүйектегі жағдай бойынша 319 мың гектар бастырылды, 206,5 мың тонна астық өндірілді. 2814 гектар алқаптан 54,9 мың тонна картоп жиналды. 276 гектар алқаптан 8,0 мың тонна көкөніс жиналды, – деп атап өтті Саят Мусин. 

Облыс әкімінің орынбасары Бауыржан Асановтың төрағалығымен өңірде шығынды азайту және егін жинау кезінде туындайтын проблемаларды жедел шешу үшін жұмыс тобы құрылды.

Өңір басшысы Ермағанбет Бөлекпаев егін жинау жұмыстарын оңтайландыруды және әрбір "құрғақ" күнді тиімді пайдалануды тапсырды.

Ауыл шаруашылығы басқармасы мен аудан әкімдеріне егінді уақтылы жинау үшін барлық жағдайды қамтамасыз етуді тапсырамын. Әкімдіктер дизель отынын іріктеу бойынша жұмысты жеделдетіп, келесі жылға тұқымға деген қажеттілікті анықтауы қажет, - деді өңір басшысы Ермағанбет Бөлекпаев. 

Айта кету керек, биылғы жылы дәнді дақылдардың ауданы 993,2 мың гектарды құрайды, бұл өткен жылғы деңгейден 73,3 мың гектарға артық. Егін жинау науқанына 2095 астық жинайтын комбайн жұмылдырылған.

Өзгелердің жаңалығы